Бокс

Данияр Елеусінов - Габор Горбич: Тікелей трансляция

Данияр Елеусінов - Габор Горбич: Тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

«Хабар» телеарнасы Данияр Елеусінов пен Габор Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың 4 тамызында сағат 01:00-де (тамыздың 4-нен 5-не қараған түні) Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен венгриялық боксшы Габор Горбичпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Кардифф қаласында (Уэльс) «Ice Arena Cardiff-те» өтеді.

Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби рингтегі үшінші кездесуі. Данияр мен Габор бұған дейін кездесуі керек еді, алайда венгрлік боксшының жаттығу барысында алған жарақатына байланысты спортшылар шаршы алаңға шықпаған болатын.

Данияр Елеусінов - 27 жастағы қазақстандық боксшы, кәсіби алаңдағы алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Нью-Йоркте өтті. Кеш барысында ол қарсыласы америкалық Ноа Кидті үшінші раундта нокаутқа жіберген еді. Соңғы рет Елеусінов 6 маусым күні Лондондағы «Йорк» залында венгрлік Золтан Шабомен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңімпаз атанды. Данияр британдық промоутер, Matchroom Boxingкомпаниясының иесі Эдди Хирнмен жұмыс істейді.

Габор Горбич - 30 жасар венгр спортшысы кәсіби бокстағы мансабын 2012 жылы бастады. Қазіргі таңда ол BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақта 465 орында. Сондай-ақ ол әлемнің үздік кикбоксшылар рейтингінде жартылай орта салмақта 21 орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер