русский язык
Бокс

Геннадий Головкин жапониялық боксшы Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін

Геннадий Головкин жапониялық боксшы Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жапониялық боксшы Риото Муратамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Today.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жапониядағы Муратамен болатын жекпе-жек ауқымды. Мурата – Жапониядағы ірі бокс жұлдызы, оның телерейтингі ол жақта өте үлкен, егер GGG жекпе-жекке Жапонияға баратын болса, ауқымды шара өтер еді. Біздің Муратаның промоутері мистер Хондомен және Top Rank-тағы Боб Аруммен қатынасымыз жақсы. Сондықтан бұл – жүзеге асатын жекпе-жек», – деді Головкиннің промоутері Леффлер.

Қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте Сауль Альвареспен екінші рет жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;