«Астананың» ойыншылары «Динамо» клубы құрамынан 30 миллионға арзан

«Астананың» ойыншылары «Динамо» клубы құрамынан 30 миллионға арзан
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарсыластары елордалық «Астана» мен хорватиялық «Динамо» (Загреб) клубтарының ойыншылар құрамының бағасын назарларыңызға ұсынады.

Transfermarkt.de «Динамоның» ойыншылар құрамын 53, 05 миллион еуроға бағалайды. Загребтік клубтың ең қымбат ойыншысы — қорғаушы Филип Бенкович 11 миллион, одан кейін тағы бір қорғаушы Кевин Теофиль-Катрин 4 миллион және жартылай қорғаушы Дани Ольмо 3,5 миллион еуро тұрады екен.

Ал, Қазақстан чемпиондарының ойыншылар құрамының бағасы 24,15 миллион еуро екен. Елордалықтардың ең қымбат ойыншысы — жартылай қорғаушы Педро Энрике 3 миллион еуроға бағаланса, одан кейін қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко 2,5 миллион еуро тұрады екен. Үштікті жартылай қорғаушы Марин Томасов 2 миллион еуро бағасымен қорытындылайды.

Түпнұсқасы: aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер