Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі анықталды

Грек-рим күресінен Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрым Дүйсенов Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімін жариялады деп жазады Olympic.kz.

Құрлықтың басты додасы 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакартада өтеді.

Бұл күндері Тараз қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырған балуандар Джакартаға жарыс басталардан 10 күн бұрын ұшып бармақшы.

«Қазіргі кезде біз Таразда жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. 25 шілдеде басталған жаттығу кезеңі 11 тамызға дейін жалғасады. Содан соң, команда мүшелері Джакартаға ұшып кетеді. Мұндағы мақсатымыз, ойын өтетін аймаққа ертерек барып, ауа райына бейімделу. 21-22 тамыз күні балуандар кілемге шығатын болады. Биыл біздің жігіттер Иран, Венгрия, Түркияда өткен рейтингілік турнирлерде жақсы өнер көрсетті. Азия ойындарында да сол бағыттан танбаймыз», - дейді бас бапкер.

Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын грек-рим күресінің балуандары:

60 келі. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)

67 келі. Алмат Кебіспаев (Астана)

77 келі. Асхат Ділмұхамедов (Алматы облысы)

87 келі. Азамат Күстібаев (Астана)

97 келі. Ерұлан Ысқақов (Қарағанды облысы)

130 келі. Нұрмахан Тінәлиев (Алматы облысы)

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер