Роман Григорчук: Дәл мұндай ойында сабырлық танытқан жөн

Роман Григорчук: Дәл мұндай ойында сабырлық танытқан жөн
news-banner7
mobile-news-top

«Мидтьюлланд» - «Астана» (0:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Өте тартысты ойын өрбіді. Матч барысында біздің командада бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен оны лайықты пайдалана алмадық. Және қарсылас команданың стандарттық жағдайларды жақсы пайдалана алатынын білген едік. Дегенмен, дәл мұндай кездесулерде ойын барысын бақылауда ұстап, сабырлық танытқан жөн.

- «Мидтьюлланд» командасы сырт алаңда да, өз алаңында да бірдей ойын үлгісін көрсетті. Бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?

- Мен қарсылас команда ойынын сынап, оған баға беруден аулақпын. Алайда, «Мидтьюлланд» екі ойында да бірдей ойын жүйесін таңдағаны байқалды. Біз де дәл осылай боларын алдын ала күткен едік. Олар тек алаңға тыңнан ойыншы қосу арқылы өз ойындарын күшейтуге тырысты. Дегенмен, біз бұл қарсылыққа лайықты төтеп бере алдық.

- «Мидтьюлланд» бас бапкері ойын алдында Сізді таң қалдыруға уәде берген еді. Ол оның қолынан келді ме?

- Мен бүгінгі ойында тың өзгерістердің болуы мүмкін екендігін білген едім. Егер шынымды айтар болсам, мен Дания чемпионатындағы қарсыластардың ойынын көріп, бүгінгі матчқа шығатын құрамын дәл таптым. Бүгінгі ойын Астанадағы кездесумен салыстырғанда айтарлықтай ерекше болды дей алмаймын. Мүмкін, жанкүйерлердің қызу қолдауы кездесу барысына басқаша атмосфера берген болар.

- Ласло Кляйнхайслердің алған жарақаты қаншалықты ауыр?

- Ласло ауыр жарақат алды дей алмаймын. Мен дәрігер емеспін. Алайда, көзбен көрген сәтте айтарлықтай ауыр жарақат емес сияқты көрінді. Ол алдағы ойындарға дайын болып, командаға өз көмегін тигізеді деген ойдамын.

- Ендігі қарсыластарыңыз «Динамо» (Загреб) командасы. Қарсылас туралы ақпарат жинап үлгердіңіздер ме?

- Жоқ, біз бірден алдыға жоспар құра алмаймыз. Себебі, бір биікті бағындырмай жатып, келесі қарсылас туралы ойлауға да болмайды. Біздің бапкерлер құрамында қарсылас команда туралы нақты ақпарат жинайтын мамандар жеткілікті. Алдағы уақытта, сол ақпаратты нақты талдап, командаға ұсынатын боламыз.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер