Футзал

«Қайрат» футзал клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

«Қайрат» футзал клубы жаңа маусымға дайындықты бастады
news-banner7
mobile-news-top

Кеше «Қайрат» футзал клубының жаңа маусым алдындағы алғашқы жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматылық клубтың жетекшілері Қайрат Оразбеков, Андрей Мищенко мен Игорь Мажинов жаңа ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамын таныстырды. Бұдан бөлек, жаңа маусымда алға қойып отырған міндеттерді атап көрсетті. Алматылық ұжым алдағы маусымда, ел чемпионатында топ жарып, Қазақстан Кубогын және Суперкубокты жеңіп алдуды жоспаралап отыр. Сондай-ақ, Чемпиондар Лигасының төрттік финалына шығу да негізгі мақсаттардың бірі.



Бас жаттықтырушы Кака кейбір жаңалықтарды және маусым алдындағы жаттығулардың жоспарларымен бөлісті.



Қазіргі уақытта «Қайраттың» құрамы төмендегідей:

Қақпашылар - Игита, Дуду, Ринат Умешев
Алаңдағы ойыншылар – Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Серік Жаманқұлов, Дінмұхамет Сүлейменов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Ранжел Тайан, Диего Фаверо

Шыңғыс Есенаманов оңалту курсын жалғастырады. Ол толыққанды жаттығуға дайын емес. Дуглас жарақаттан кейін қалпына келу үшін Бразилиядағы емдеу курсында ем қабылдауда. Хоссейн Тайеби Азия ойындарына қатысатын Иран құрамасының қатарында болғандықтан маусым басында командаға көмектесе алмайды. Клубтың тағы бір шабуылшысы Тайнан да командаға біраз уақыттан кейін қосылады. Себебі оның тұңғыш баласы дүниеге келді.

Сондай-ақ, «Қайрат» жақында тағы екі жаңа ойыншымен толығатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер