русский язык

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогы – 2014» додасына қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогы – 2014» додасына қатысады

Қаңтардың 18-і мен 27-сі аралығында Беларусь астанасы Минскіде футболдан 1998 жылға дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында халықаралық турнир өтеді. Аталған жарысқа Константин Фролов жаттықтыратын біздің жеткіншектер де қатысады.

Біздің командадан бөлек, мәртебелі кубокке Белоруссия (2 құрам), Ресей, Украина, Молдова, Қырғызстан, Грузия, Финляндия, Латвия, Литва және Өзбекстан құрамалары да таласады.

Алдымен 12 команда үш-үштен төрт топқа бөлінеді. Одан кейін електік ойындардың нәтижесінде турнир жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады. Кездесулер Минскі қаласының  синтетикалық спорт кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму додасына» бірінші рет қатысып,  мәртебелі кубокты ұтып алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;