Футбол деген бір ғажап!

Сейдахмет Сергей Семактың қол астына қайта баруы мүмкін

Сейдахмет Сергей Семактың қол астына қайта баруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасы мен ресейлік «Уфа» командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жақында «Зенит» командасына ауысуы мүмкін.

Естеріңізде болса, жас футболшы қаңтар айында «Уфаға» ауысқанда команданың бас бапкері Сергей Семак болатын. Алайда, маусым соңында Сергей Санкт-Петербург қаласының «Зенит» клубының тізгінін ұстады. Ал «Уфаға» 36 жастағы жас маман Сергей Томаров келді.

2016 жылдың желтоқсанынан бастап «Уфа» командасын баптап келген Сергей Семак биыл сәуір айының басында командамен жаңа келісімшартқа қол қойған еді. Ол кезде Сергей клубтан кетуді жоспарламаған болатын. Алайда, кейін «Зенит» сынды ірі командадан түскен ұсыныстан бас тарта алмады.

Қазақстандық жас шабуылшының өнері білікті маман Сергей Семактың көңілінен шығатыны сөзсіз. Біздің ойымызша, Ресейлік маман әу баста үлкен үміт артып шақырған жас футболшыны қазіргі командасына шақырып алуы әбден мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, Еркебұланмен ең алғаш байланыста болған ресейлік команда дәл осы «Зенит» болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер