русский язык
Футбол

«Алтын Допқа» үміткерлер үштігі - Роналду, Месси мен Рибери

«Алтын Допқа» үміткерлер үштігі - Роналду, Месси мен Рибери

Жылдың үздік футболшысына берілетін «Алтын допқа» үміткерлердің тізіміне енген үш ойыншының есімі белгілі болды.

Қазан айының соңында ФИФА осы жүлдеге үміткер 23 футболшының тізімімен таныстырды. Бұл тізімнен сауалнама барысында көбірек дауыс жинаған ойыншылардың үштігі таңдалды.

AFP хабарлағандай, 2013 жылдың үздік футболшысы атағы үшін Мадридтік «Реал» командасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду, «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мен «Баварияның» ойыншысы Франк Рибери бақ таластырады.

«Алтын доптың» иегерінің есімі ұлттық құрамалардың капитандары мен жаттықтырушылары арасындағы дауыс беруден кейінгі қорытынды бойынша 13-ші қаңтар күні ФИФА-ның баспасөз өкілдеріне арнаған Цюрихтегі салтанатты шара барысында жарияланады. Соңғы төрт жүлдені қатарынан Месси иеленген болатын. Қоса кетсек, үздік жаттықтырушы жүлдесіне дортмундтық «Боруссияның» бапкері Юрген Клопп пен «Баварияның» бұрынғы жаттықтырушысы Юпп Хайнкес пен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсон таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;