русский язык
Басқа

Азия ойындарына қатысатын стенд атушылар тізімі анықталды

Азия ойындарына қатысатын стенд атушылар тізімі анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Стенд атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жазғы Азия ойындарына қатысатын мергендер тізімін жариялады деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындарындағы стенд атушылар сайысы 17-27 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық мергендер трап пен скит бойынша сынға түседі.

Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі:

Максим Коломоец (трап)
Андрей Могилевский (трап)
Виктор Хасянов (трап)
Анастасия Давыдова (трап)
Мария Дмитриенко (трап)
Оксана Середа (Трап)
Трап бойынша бапкер: Анатолий Палий
Александр Ещенко (скит)
Ольга Панарина (скит)
Әсем Орынбай (скит)
Владислав Мухамедиев (скит)
Скит бойынша бапкер: Сергей Колос

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына дайындық барысында Оңтүстік Кореяда өткен Әлем кубогі бәсекесіне, Италияның Тодди қаласында өткен үш бірдей халықаралық турнирге, Қазақстан кубогінің 2-3 кезеңіне қатысуды жоспарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындарының алдындағы шешуші жаттығу кезеңі 01-20 тамыз аралығында Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;