русский язык
Басқа

Алматы триатлонның ордасына айналады

Алматы триатлонның ордасына айналады
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылы тамыздың 4-5 күндері Алматыдағы Сайран көлінде тұңғыш рет триатлоннан халықаралық турнир өтеді.

Азия кубогында Ресей, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Украина, Венгрия, Аустралия, Жапония, Өзбекстан, Сирия, Бельгия, Австрия, Тайпей және Қазақстанның спортшылары өнер көрсетпек.

Таяуда құрылған Алматы триатлон федерациясы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жергілікті спортшылар республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие.

Қазіргі уақытта Азия Кубогы алдында Сайран көлінің маңайы тазартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа асфальт төселіп, гүлдер отырғызылады. Жағажайға жаңадан құм төгіледі, жанындағы саябаққа 60 орындық орнатып, 100-ден аса шамдар орнатылады.

Түпнұсқасы: kaz.tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;