Әлем футболы

«Хераклес» қазақстандық футболшыны FIFA ойынымен таныстырды

«Хераклес» қазақстандық футболшыны FIFA ойынымен таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

Голландиялық «Хераклес» команданың жаңа ойыншысы қазақстандық Александр Меркельді ерекше таныстырды.

«Хераклес» ойыншының трансферін Инстаграм арқылы хабарлады. Видеода Меркель өзін FIFA 11 ойынындағы таланттардың ішінен тауып алады да, өзін голландиялық клубқа ауыстырады.

Кейін «Хераклес» бұл видеоны өзінің Youtube арнасына жариялады.

Айта кетейік, Александр Меркель швейцариялық «Грассхопперс», англиялық «Уотфорд», италиялық «Удинезе», «Дженоа» және «Милан» клубтарында ойнаған. Қазақстандық футболшының соңғы командасы австриялық «Адмира» болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер