Әлем футболы

АЗ-ға азулы шабуылшы ауысып келді

news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы «АЗ Алкмар» қатарын тәжірибелі шабуылшымен толықтырды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматыда өткен алғашқы матчта голландиялық команданың жас шабуылшылары нәтижелі өнер көрсете алмады. Ал олардың өткен маусымдағы үздік сұрмергені Алиреза Джаханбахш Англия Премьер лигасына ауысып кеткен болатын.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін АЗ басшылары Голландия чемпионатының өткен маусымдағы екінші үздік сұрмергені Бьорн Йонсенді сатып алды. 26 жастағы норвегиялық шабуылшы үшін «АДО Ден Хааг» командасына 2,3 миллион еуро төлеген көрінеді.

Сөз соңында бұл футболшының өткен маусымда Голландия біріншілігінде 34 ойынға қатысып, 19 гол соққанын айта кетуіміз керек.

«ÐÐ ÐлкмааÑ» пеÑед «ÐайÑаÑом» ÑÑилилÑÑ Ð±Ð¾Ð¼Ð±Ð°ÑдиÑом

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер