Сейдахмет Ресей біріншілігінің үздік жас футболшыларының қатарында

Сейдахмет Ресей біріншілігінің үздік жас футболшыларының қатарында
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Ресей Премьер-Лигасының үздік 10 жас ойыншыларды анықтады.

Бұл тізімге Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдаxмет кірді.

- Тағы бір қазақстандық «Месси» бар. Оның отандастары жас ойыншының болашағынан үлкен үміт күтуде. Ол бірінші құрамада ойнап жүр. Сейдаxмет былтыр қыста «Тараз" клубынан «Уфаға» ауысып, наурызда «Анжиға» қарсы ойнады. Еркебұлан 2000 жылы дүниеге келгендер арасынан Премьер-Лиганың алғашқы ойыншысы болды», - деп жазылған танымал «Спорт-Экспресс» сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер