Қысқы

Қазақстан тұңғыш рет шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңін қабылдайды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгіру спорты федерациясы (ISU) Қазақстанда шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңі өтетінін ресми түрде бекітті, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Кубоктік дода Алматы қаласында өтеді. Ал турнир 2018 жылдың 7-9 желтоқсанына жоспарланған.

Қазақстанстан шорт-тректен әлемдік деңгейдегі жарысты алғаш рет өткізгелі отыр. Бұдан бұрын елімізде шортрекшілер қатысуымен Универсиада-2017 (Алматы) және Азиада-2011 (Астана) сынды кешенді турнирлер ғана өткен.

Кубокті өткізу үшін Алматыны таңдап алу кездейсоқтық емес. Спорттық инфрақұрылымы жасақталған заманауи спорт кешені мен Бүкіләлемдік студенттер ойынын өткізу тәжрибесі үлкен рөл ойнады. Одан бөлек, жанкүйерлердің белсенділігі де есепке алынды. Универсиада кезінде әрбір жарыс күні ұлттық құрамаға қолдау білдірген жанкүйерге толы болған еді.

Айта кетейік, шорт-тректен халықаралық маусым 8 қараша күні Калгариде (Канада) басталады. Қазақстанда үшінші кезең өтеді. 2018/2019 жылғы маусымда Әлем кубогінің жалпы есебі алты кезеңі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер