Футзал

«Қайрат» футзал клубы жаңа ойыншыларын таныстырды

«Қайрат» футзал клубы жаңа ойыншыларын таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Алматыға келді, деп хабарлайды prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеше ел чемпиондарының орналасқан жеріне клубтың жаңа бас бапкері Пауло Рикардо Кака мен оның көмекшісі Сергей Коридзе келді.

Бұған қоса, команданың су жаңа ойыншылары Ранжел Тайан мен Диего Фаверо клубтың инфрақұрылымымен алғаш рет танысты.

Ранжел Тайан: Жаттығулар мен матчтарға дайынмын.

- «Қайратта» ойнау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл бай тарихы бар керемет клуб. Бүгін клубтың құрылымымен таныстым.

- Сіздің демалыстан кейінгі физикалық тұрғыдан дайындығыңыз қалай?

- Мен бұрын ойнаған клубта Қазақстанмен салыстырғанда маусым өте кеш аяқталды. Демек, мен демалыс себебінен формамды жоғалта қойған жоқпын. Жаттығу мен матчтарға қатысуға дайынмын.

- Сіздің туыстарыңыз «Қайратқа» ауысып, Қазақстанға келуіңізге қалай қарады?

- Менің туыстарым мансабымды қайда жалғастыратыныма мән береді. «Қайраттың» Еуропаның жетекші клубтарының бірі екенін бәріміз білеміз. Сондықтан олар менің мұнда келуімнен мүлдем алаңдаған жоқ. Бәрімізге ұнады. Өйткені, «Қайрат» сынды клубта доп тебу үлкен мақтаныш.

Диего Фаверо: Өз мансабымдағы жаңа сынаққа дайынмын.

- «Қайрат» Еуропадағы үздік клубтардың бірі екені сөзсіз. Мен сол үшін де осында келіп отырмын. Әрі бұған өте қуаныштымын.

- «Қайраттың» жаңа бапкері - Кака UEFA кубогын жеңіп алған маман. Осындай білікті бапкермен жұмыс істеу қызықты ма?

- Ия, ол өте тәжірибелі жаттықтырушы. Әрі маңызды турнирлерде жеңіске жеткен. Біз қазір жаттығуды күтіп жүрміз. Мүмкіндігінше тезірек жаттығуды бастауға дайынмын.

- Маусым алды демалысыңызды қалай өткіздіңіз?

- Біз әрдайым отбасымыздан алыста жұмыс істейміз. Сол үшін демалыстарда туыстармен өткізуге тырысамын. Осы жолғы демалысым негізінен Бразилияда өтті. Ал өз мансабындағы жаңа сынаққа барынша дайындалып жатырмын.

Еске сала кетейік, келесі аптадан бастап команда мүшелері медициналық тексерістен өтіп, маусымға дайындықты бастайды.

Ал тамыз айының 23-і мен 26-ы аралығында «Қайрат» Тюмен облысының жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер