русский язык

«Президент Кубогы». Қазақстан құрамасы белгілі

«Президент Кубогы». Қазақстан құрамасы белгілі

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Таңат Сағындыков грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» халықаралық турниріне қатысатын қазақ балуандарының есімін жариялады.

Қазақстан құрамасы желтоқсанның екісінен бері Астанада оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл жиынға Қазақстанның барлық аймағынан үздік балуандар келген. Қазақстан командасының құрамында әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия Ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионы Нұрмахан Тінәлиев, жақында ғана Бакуде өткен ақтық Голден Гран-при жеңімпазы Нұрсұлтан Қалмырзаев, жастар арасындағы әлем чемпионы биылдан бастап Бундес Лигада (Германияның клубтық чемпионаты) сәтті өнер көрсетіп жүрген Артур Үмбетқалиев, Азия чемпионы Ербол Қоңыратов және Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары да аз емес. Сонымен қатар, бұл жолы Астана боз кілемінде күресетін жас балуандар да аз емес екендігін айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетсек, грек-рим күресінен "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы" IV халықаралық турнирі 11-12 желтоқсан күндері "Дәулет" СК өтеді.

Қазақстан құрамы:

55 келі

Нұрсұлтан Қалмұрзаев

Жансерік Сәрсенбиев

Мейрамбек Айнағұлов

Қорлан Жақанша

Бекжан Мырзалиев

Мәди Жарболов

Алмат Әуешов

Артур Үмбетқалиев

Досбол Әбілхасов

Жолдыбай Тоқбаев

Алмас Жапаров

60 келі

Ербол Кикбаев

Бағлан Жағанша

Нұрлан Әлжанов

Данияр Каленов

Ақан Баймағанбетов

Нұрдәулет Елмұратов

Дәулет Әбсалимов

Дастан Үскенбеков

Дислан Тоқбаев

Жасұлан Махсотов

Руслан Итемгенов

Мадияр Тұрғанбеков

Ахмет Ізбасқанов

66 келі

Ербол Қоңыратов

Асхат Жаңбыров

Айбек Еңсеханов

Елдар Қайратов

Жәнібек Қандыбаев

Демеу Жадраев

Ибрагим Магомадов

Абзал Нұрахов

Нұртай Нұрғалиев

Елдос Қосбағаров

Айдын Нұгыманов

74 келі

Асхат Ділмұхамедов

Досжан Картиков

Дәулет Жақсылықов

Нұржан Надыров

Ержан Бәкімбаев

Жасұлан Қошанов

Рашид Кочиев

84 келі

Нұрсұлтан Тұрсынов

Андрей Самохин

Мақсат Баярыстанов

Дидар Керімбаев

Азамат Құстыбаев

Тимур Ташмагамбетов

Абдуазиз Кочерадзе

96 келі

Ерұлан Ысқақов

Жасұлан Садықов

Илья Насточенко

Михаил Изотов

Жанарбек Қабдолов

Аян Біржанов

120 келі

Нұрмахан Тінәлиев

Есенгелді Жалғасбаев

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;