Дзюдо

Галбадрах Отгонцэцэг - Гран При кезеңінің қола жүлдегері

Галбадрах Отгонцэцэг - Гран При кезеңінің қола жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг Загребте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында италиялық Милани Францисканы вазари ұпайымен жеңді, деп хабарлайды prosports.kz дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта белдескен татами шебері Галбадрах алғашқы кездесуінде Италия спортшысы Жиёрда Францисканы, екінші айналымда ұлыбританиялық Кэлли Станддонды жеңген болатын. Алайда, ширек финалда украиналық Дарья Билодидқа есе жіберіп, жартылай финалдан тыс қалды. Ал жұбаныш белдесуінде Израиль спортшысы Ноа Минскерді жеңіп, жұбаныш финалында қола үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Өкінішке қарай, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Рустам Ибраев шешуші белдесуде чех балуаны Давид Пулькрабекке ұтылып, жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер