«KAZsport» Қысқы Универсиада ойындарын көрсетеді
Желтоқсан айының 11-і мен 21-і аралығында Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары өтеді.
Қазақстандықтар бұл байрақты бәсекені «KAZsport» телеарнасы арқылы тамашалай алады.
Дүбірлі додада қазақ елінің сайыпқырандары спортттың 8 түрі бойынша сынға түседі. Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқалары бар.
Ел қоржынына алтын медаль салады деп үміттеніп отырған спортшымыздың бірі - мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.
Естеріңізге сала кетейік, студент-жастардың арасында өтетін дүниежүзілік жарыс желтоқсанның 11-і мен 21-і аралығын қамтиды.