Командалық

Таеквондошылар командалық есептегі Әлем Кубогінің жартылай финалына өтті

Таеквондошылар командалық есептегі Әлем Кубогінің жартылай финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Уси қаласында теквондодан G-8 санатына жататын командалық есептегі Әлем кубогі өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан 49:87 есебімен ұтылып қалды. Екінші айналымда қазақстандықтар Кот-д'Ивуар құрамасынан 67:45 есебімен басым түсті.

29 шілде күні Қазақстан құрамасы Әлем кубогінің қола жүлдесі үшін Иран құрамасына қарсы шығады.

Еске сала кетейік, аталған Әлем кубогінде үздік сегіздікке енген команда желтоқсан айында өтетін финалдық бәсекеде сынға түседі. Қытайдағы нәтиженің қандай болатынына қарамастан, қазақстандық таеквондошылар ақтық сында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер