русский язык
Хоккей

«Барыс» ХК. Төрт ойында – үж жеңіс

«Барыс» ХК. Төрт ойында – үж жеңіс

«Барыс» хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт ойында үш рет қатарынан жеңіске жетіп, 8 ұпайды олжалап қайтты.

«Барыстың» хоккейшілері «Металлург» пен «Трактор» сынды азулы командаларды, сондай-ақ «Нефтехимик» командасынан басым түсіп, соңғы ойында «Салават Юлаевқа» жол берді. Дегенмен, Астана қаласының хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт матчтан 8 ұпай олжалады. Соның арқасында олар жалпы ұпай санын 70-ке жеткізіп, Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал лиганың Шығыс конференциясында «Барыс» көш бастап келеді. Айта кетсек, бұған дейін өз алаңда өткізген төрт ойында «Барыс» үш рет ұтылған. Братиславаның «Слован» командасымен өткізген матчта ғана 6:1 есебімен жеңіске жетіп, толық үш ұпайға қол жеткізген.

Келесі ойынды «Барыс» өз алаңда өткізеді. Астанада ол «Металлург» командасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;