Әлем футболы

Сколари бразилиялық клубқа қайта оралды

news-banner7
mobile-news-top

Луис Фелипе Сколари «Палмейрастың» тізгінін ұстады.

69 жастағы бразилиялық бұған дейін бұл клубта екі рет жұмыс істеген. Сан-Паулу қаласының командасын ол 1998-2000 және 2010-2012 жылдары жаттықтырған.

«Палмейраспен» бірге Сколари екі рет Бразилия кубогын, Меркосур кубогын және Либертадорес кубогын жеңіп алды.

Сколари 2015-2017 жылдар арасында қытайлық «Гуанчжоу Эвергранд» клубын баптаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер