Сербиялық БАҚ «Црвена Звездаға» Деспотовичті ұсынды

news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» шабуылшысы Джордже Деспотович елордалық клубтан кеткен болатын.

Енді сербиялық Telegraf басылымы «Црвена Звездаға» Деспотовичке көз салуды ұсынды.

«Деспотович – «Црвена Звезда» шабуылының шешімі. Оларға шабуылшы керек, Джордже қазір клубсыз жүр. Енді «Црвена Звездаға» Деспотовичпен әріптестік орнатқан жөн», - деп жазды басылым.

Telegraf-тың жазуынша, Деспотович 2015 жылдан бері Қазақстанда ойнаған уақытында футболшы ретінде өскен.

Джордже «Црвена Звезданың» түлегі саналады. 2010 және 2014-15 жылдар арасында осы клубта ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер