Жеңіл атлетика

Фитнеске барғанда нені білу керек?

Фитнеске барғанда нені білу керек?
news-banner7
mobile-news-top

Фитнес залына барып, жаттығуды бастау - көпшіліктің ертеңге қалдырған ісі. Әйтеуір сылтауратып жүре беруге әзір. Өзіңді жеңіп, жаттығуды бастау үшін не істеу керек? Фитнес залына барғанда неден бастау керек? Осы сауалдарымызға фитнес-жаттықтырушы Жанна Бекбауова жауап берді.

- Фитнеспен қай жастан бастап айналысқан дұрыс?

- Денсаулыққа мән беріп, финтеске келу адамның өзіне, ең алдымен алға қойған мақсаттарына байланысты. Егер өзімді өзгерту арқылы өмірімді өзгертемін деп шешсе, ол адамға фитнеспен айналысуға ештеңе кедергі бола алмайды.

- Фитнеске баруды қалай тұрақты дағдыға айналдыру қажет?

- Фитнеске барғысы келген адам ең алдымен «айнаға қарағанда кімді көргім келеді» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Соны орындау үшін кішкене болса да алға ұмтылуы тиіс. Бір нәрсеге жетсем деген ниет, мақсат болса ғана адам орнынан қозғалады. «Дүйсенбіден бастаймын» дегенге сенбеңіз. Бүгіннен бастау керек, дәл қазір!

- Фитнеспен айналысуды неден бастау керек?

- Ең алдымен жаттығу залына жетіп алу қажет. Көп адамдар «менің спорттық костюмім жоқ, кроссовкиім жоқ» деп залға бармаудың сылтауын іздейді. Оны алған соң да, баруы екіталай. Сол себепті дене бітіміңізге көңіл бөлу туралы ниет пайда бола салысымен, ештеңеге де қарамастан, жаттығу залына жетіп алу керек. Жетіп алсаңыз, айналадағы адамдарға қарай отырып, фитнеспен айналысуды бастап кетесіз.

- Фитнес жаттықтырушыны қалай таңдау керек?

Жаттықтырушының бодибилдинг саласында тәжірибесі мол болуы керек. Дене шынықтыру саласында білімі болғаны дұрыс деп ойлаймын.

- Жаттықтырушымен айналысқан қаншалықты маңызды?

- Дегенмен жаттықтырушының көмегіне жүгінген жөн. Өйткені әр саланың, мейлі ол күрес, бокс, теннис болсын, әрқайсының өзінің техникалары бар. Оны меңгеру үшін міндетті түрде жаттықтырушының көмегі керек. Сондықтан да, залға барған кезде екі-үш айдай болсын жаттықтырушының көмегіне жүгінген дұрыс. Салмақтарды көбейтіп, жаттығуларды өзгертіп тұруды фитнес-жаттықтырушы орнатуы тиіс.

- Фитнеспен айналысуға қанша уақыт бөлген жөн?

Бір күнде тек дене қыздырудан бастап 1-2 сағат аралығында жаттығуға болады. Бірақ кейде адамдар бұл нормаларға қарамастан, жаңа бастағандар тез арықтаймын деп 3 – 4 сағат дайындалып жатады. Бұл– өте зиян.

- Спортқа қанша уақытыңызды жұмсайсыз?

- Жасаған жаттығуға байланысты 1-3 сағаттай аптасына 4-5 реттен.

- Кейбіреулер залда жұмыс барғанмен нәтиже жоқтығына шағымданады. Себебі неде?

- Тиімті және дұрыс тамақтануды сақтамау, айналысқан жаттығуының ағзаға лайықты келмеуі және, әрине, тұрақтылықтың болмауы. Жалпы, жаттығуды ағзаны демалдыра отырып, араға бір күн сайын жасаған дұрыс. Жаттықтырушымен айналысқан жағдайда, нәтиже шығады деп ойлаймын. Ал, арықтағысы келген адамдар жеген тағамдарына көп көңіл бөлген жөн. Себебі, жетістіктің 70%-ы дұрыс тамақтануға байланысты. Қалған 30%-ы – техникамен орындалған жаттығулар.

- Жаттығу алдында не істеу керек?

Жаттығу кезінде өте көп энергия кетеді. Сондықтан да фитнестен 1-1,5 сағат бұрын алма, банан сынды энергия беретін тәтті тағамдар жеп алған дұрыс. Және міндетті түрде денені қыздыру қажет.

- Адамдар сізге қандай мақсатпен келеді?

- Көп жағдайда, арықтау үшін. Байқағаным, қыздар фитнес залда май қатайып, бұлшық етке айналып, тым «качок» болып кетемін деп қорқады) Тек қана ішке арналған жаттығуларды жасап, арықтаймын деу – бекер. Себебі іште май болса, демек басқа мүшелерде де май бар. Жалпы, майдың екі түрі болады. Бірі – тері астындағы, екіншісі – ішкі май. Сол себепті салмақ тастап, арықтау үшін жаттығумен бірге дұрыс тамақтануы жөн.

- Егер жаттықтырушы болмасаңыз, онда кім болар едіңіз?

- Бәрібір жаттықтырушы болар едім:) Жақында ғана ҚазҰУ-де дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірдім.

- 18 жасында-ақ спорт шеберіне үміткер атаныпсыз...

Иә, спортқа келуіме ата-анам себепкер болды. Сырықпен секіруден және биіктікке секіруден Қазақстан чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері атандым. Кейіннен фитнес саласына көңілім ауды. Мінеки, жаттықтырушы қызметінде жүргеніме 3 жылдай болып қалды.

- Жеңіл атлетикаға қайта оралу ойда бар ма?

Қайтып оралуым мүкін. Алдағы уақытта көре жатармыз.

-Сұқбатымыздың соңында біздің оқырмандарға берер кеңесіңіз?

«Еріншектің ертеңі бітпестің” күйін кешпей, спортпен айналысуды дәл қазір бастаңыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер