Футзал

Футзалдан UEFA кубогының алтын медалі сатылымға қойылды

Футзалдан UEFA кубогының алтын медалі сатылымға қойылды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан UEFA кубогының 2012/13 жылғы маусымындағы алтын медалі сатылымға қойылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында хабарлануынша футзалдан Еуропадағы ең беделді турнирдің бас жүлдесі үшін сыйға берілген алтын медаль Алматы қаласында жеңілдікпен сатылуда.

Хабарламада жазылуынша, медалдің бағасы 500 мың теңге.

Бұл медалдің кімге тиесілі екені белгісіз. Бірақ, 2013 жылы аталған жүлдені алматылық «Қайрат» футзал клубы жеңіп алған. Финалда Ресейдің «Динамо Москва» командасын 4:3 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер