«Астана» жеңісті жұлып алды

«Астана» жеңісті жұлып алды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Мидтьюлландты» қабылдап жеңісті қанжығасына байлады.

«Астана Аренада» өрбіген матч 2:1 есебімен аяқталған.

Елордалық футболшылар ойын алдында Денис Теннің суреті бар жейдемен алаңға шықты.

vesti.kz

vesti.kz

Бірінші таймның 31-минутында Ласло Кляйнхайслер жойқын соққымен допты қонақтар қақпасына енгізді. «Мидтьюлланд» 51-минутта жауап қайтарған. Даниялық хавбек Густав Викхейм - гол авторы. Соңғы секундтар ойын тағдырын шешкен. Венгриялық легионеріміз Кляйнхайслер 94-минутта дубль жасап жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.

«Мидтьюлландқа» қарсы екінші матч тамыздың 1 күні Данияда өтеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Екінші іріктеу кезеңі

«Астана» - «Мидтьюлланд» 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Кляйнхайслер 31, 1:1 – Викхейм, 2:1 - Кляйнхайслер 94

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Мужиков (Оливейра 76), Энрике (Янга 86), Томасов, Маевский, Постников, Муртазаев (Щеткин 45), Шомко.

«Мидтьюлланд»: Й. Хансен, К. Хансен (Коршма 78), Справ, Я. Поульсен, Даль Хенде, Окосун (Онуека 68), Мунксгор, Санне, Святченко, Онуачу, Викхейм (Джордже 85).

Ескерту: Санне 19, Поульсен 70, Оливейра 81

Бас төреші: Раду Петреску (Румыния)

24 шілде. Астана. «Астана-Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер