Қысқы

ІІМ Денис Теннің өлімі үшін халықтан кешірім сұраудан бас тартты

ІІМ Денис Теннің өлімі үшін халықтан кешірім сұраудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Денис Теннің өліміне қатысты ішкі істер министрлігі халық алдында кешірім сұраудан бас тартты. Журналистердің бұл сауалына ішкі істер минситрінің орынбасары Рашид Жақыпов жауап қайтарды. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

«Жеке адам ретінде - иә. Ал өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде айтарым, бұл іске ғана емес, кез-келген ауыр оқиғаларға қатысты әркімнің мойнында көтеретін жауапкершілігі бар.

Егер қоғамдағы кез-келген қаза полицейлердің кінәсінен болса, біз кешірім сұрауға дайынбыз. Егер «полицей бір қызды өлтіріп кетті» десеңіздер мен ішкі істер министрлігінің басшылық қызметкері ретінде кешірім сұрауға дайынмын», - деп жауап берді Жақыпов.

Сондай-ақ Қасымовтың орынбасары егер қылмысқа полиция қызметкерлерінің қатысы болмаса, кешірім сұрау орынсыз екенін де жасырмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер