Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді
![Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_4cc5d0aa4bf1f77b6139185dcc2bf54c.jpg?v=28656834)
Шорт-тректен аралас эстафета Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді, деп хабарлайды Prosports.kzz тілшісі.
ҚР ҰОК мәлім еткендей, ХОК 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының қатарына шорт-тректен жаңа қашықтықтың енетінін хабарлаған.
Бұл күндері шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей астанасы Мәскеуде жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 6 тамызда құраманың Италиядағы жиындары басталады.
Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, шорт-трекшілер үшін биылғы маусым 2 қараша күні Канаданың Калгари қаласында басталады. Мұнда Әлем Кубогінің алғашқы кезеңі өтеді. Содан соң, ұлттық құрама Әлем Кубогінің екінші кезеңіне қатысу үшін АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласына аттанбақ.