Футзал

Алматыда студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді

Алматыда студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Биыл 19-26 тамыз аралығында Алматы қаласында студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан студенттер арасындағы футзалдан 2018 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығын 2015 жылы қазан айында жеңіп алған болатын.

ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілетін жарысқа әлемдегі жиырмадан астам ең мықты студенттік құрамалар қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы. Сонымен қатар ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі кіріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер