Қысқы

Денис Теннің өліміне қуанған мұғалім жұмысынан қуылады

Денис Теннің өліміне қуанған мұғалім жұмысынан қуылады
news-banner7
mobile-news-top

БҚО тұрғыны әлеуметтік желіде мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына қуануға шақырып, оны өлтірген күдіктілерді мақтағаны үшін жұмысынан қуылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы Sputnik агенттігіне берген мәліметінде қылмыстық істің қозғалғаны туралы деректі растады.

«12 тамызға дейін еңбек демалысында жүр. Демалыстан келген соң оны жұмыстан шығару туралы мәселе шешіледі», — деп ақпарат берді басқарма.

Олардың айтуынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтарға балалармен жұмыс істеуге болмайды.

Әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін 25 жастағы Байзенов Зеленов ауданы Белес ауылының орта мектебінде физика пәнінен сабақ беретін Шерхан Байзеновке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің портретін шығарып, «сол қытайды өлтірген» қылмыскерлерді мақтаған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін БҚО әкімдігінің қызметкерлері ер адамды тез тауып алып, Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы "Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру" бойынша айып тағады.

Кейін бұл посттың авторы кешірім сұрап, бейнежазба жариялаған.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер