Еркебұлан Сейдахмет «Қайратқа» ауыспайды

Еркебұлан Сейдахмет «Қайратқа» ауыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Уфаның» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет алматылық «Қайратқа» ауыспайтынын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Футболшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарып, алып-қашпа сөз екенін жазды.

Бүгін қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары 18 жасар ойыншыны «Қайрат» командасы жалға алуы ықтимал екені туралы жарыса жазған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, биыл ақпанда Сейдахмет «Уфа» сапына ауысқан болатын. РФПЛ аясында қазақстандық футболшы екі матч ойнады. Бірақ кейін жарақат алып, маусымды ерте аяқтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер