Ресми: Джордже Деспотович «Астана» сапынан кетеді 

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының сербиялық шабуылшысы енді елорда командасы сапында өнер көрсетпейді. Джордже «Астана» құрамына 2016 жылы ауысып, барлық турнирлерде 79 ойында алаңға шығып, 20 гол соққан. Бұл туралы «Астананың» ресми сайты жазды.

Сербиялық шабуылшы «Астана» құрамында ел чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетіп, екі мәрте УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған.

«Астана» командасы Деспотовичтің соққан голының арқасында еуропалық турнирлердің топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді (24.11.2016., УЕФА Еуропа Лигасы, «Астана» - АПОЭЛ (Кипр) 2:1).

Джордже өзінің соққан голының арқасында 2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьескаға» қарсы кездесуде елорда командасына жеңіс сыйлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер