Күрес

Айдос Сұлтанғали Түркияда халықаралық турнирдің чемпионы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Түркия астанасы Ыстанбұлда грек-рим күресі бойынша Вехби Эмре атындағы халықаралық турнир аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Түркияда дәстүрлі жыл сайынғы жарыс 36-шы рет өтіп жатыр. Оған әлемнің 25 елінің балуандары қатысты. Қазақстанның қоржыны 1 алтын, 4 қола медальмен толықты. 60 келі салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали ақтық сында молдовалық балуан Виктор Киобануды жеңіп, турнирдің чемпионы атанды. 55 келі салмақ дәрежесінде Хорлан Жақанша мен Жансерік Сәрсенбиев, Ибрагим Магомедов (72 кг), Тамерлан Шадукаев (77 кг) қола медаль иеленді.
Он салмақ дәрежесінің төртеуінде түрік балуандары чемпион атанды. Беларусьтан келген балуандар екі алтын және Әзербайжан, Қазақстан, Грузия және Украина балуандары бір алтыннан жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер