Деспотович «Астанадан» кетеді

Деспотович «Астанадан» кетеді
news-banner7
mobile-news-top

Сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович «Астанадан» кетеді.

26 жастағы форвард Инстаграмда «Астанамен» қоштасты.

«Рақмет, «Астана»! Рақмет, Қазақстан! Ғажайып төрт жыл. Бәріне шын жүректен рақмет! Мен ойнаған командаларға, бапкерлер мен ойыншыларға! Қазақстанда 40 гол», - деп жазды Деспотович.

Естеріңізге сала кетсек, Джордже Қазақстанда 2015 жылдан бері өнер көрсетті. Шабуылшы «Жетісу», «Қайрат», «Тобыл» және «Астана» сапында ойнады.

Жылдың басында сербиялық футболшы MLS-ке ауысуға жақын болған. Алайда трансфер болмай қалды. Жақында ол қазақстандық футболдан шаршағанын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер