Премьер лига ойындары бір минут үнсіздікпен басталуда

news-banner7
mobile-news-top
Кеше басталған Қазақстан Премьер-лигасының 19-шы тур ойындарында футболшылар елде орын алған қайғылы оқиғадан аттап өткен жоқ, деп жазады prosports.kz.

Кеше өткен үш матчтың алдында командалар өмірден ерте озған отандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тенді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Осы үрдіс бүгін өтетін қос кездесуде де өз жалғасын табады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін «Ордабасы» Шымкентте «Қайратты» қабылдайды. ал Қостанайда «Тобыл» мен «Ертіс» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер