PROспорт-блог
Басқа

Бүгінгі кейіпкер: Фитнес-жаттықтырушы — Карина Темирбаева

Бүгінгі кейіпкер: Фитнес-жаттықтырушы — Карина Темирбаева
news-banner7
mobile-news-top

Фитнес залына барып, жаттығуды бастау - көпшіліктің ертеңге қалдырған ісі. Бірі үшін ол күн туса, екіншісі сылтауратып жүре беруге әзір. Өзіңді жеңіп, жаттығуды бастау үшін не істеу керек? Фитнес залына барғанда неден бастау керек? Қандай қателіктер болуы мүмкін? Осы сауалдарымызға Алматыдағы фитнес орталықтың жаттықтырушысы Карина Темирбаева жауап берді.

- Карина, қош келдіңіз. Сіз қанша уақыттан бері спортпен шұғылданып келесіз?

- Мен спортпен ұзақ уақыт бойы айналысудамын. Мектепте барлық спорт жарыстарына белсенді қатысып жүрдім. Ең алғаш спортзалға келгенде ... оған деген сүйіспеншілігіммен осында қалдым. Мен жаттығу залында жүргеніме 15 жылдай уақыт болды.

- Жаттықтырушы болуға қалай шешім қабылдадыңыз?

- Залда үнемі дұрыс емес айналысып жатқан адамдарға әрдайым көмектескім келетін. Бір жағынан, нәпақамды тауып, сонымен қатар өзім жақсы көретін нәрсемен айналыса алатынымды түсіндім. Мен өмірден өзімнің жолымды таптым деп ойлаймын.

- Спортқа қанша уақытыңызды жұмсайсыз?

- Жасаған жаттығуыма байланысты, 1,5-3 сағаттай аптасына 5 реттен.

- Кез-келген адам жаттықтырушы бола алады деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, менің ойымша, жаттықтырушының жұмысы әркімнің қолынан келе бермейді. Жақсы спортшы болу - жақсы жаттықтырушы болу дегенді білдірмейді. Жаттықтырушы ілім мен тәжірибеге ие болу керек, әрбір жаттығуға келген адамға жеке көзқарас қалыптастыра білу керек.

- Жаңадан бастағандарға арналған жаттығулар туралы айтып берсеңіз.

- Салмағы аз гантельдермен жаттығу жасау, өз салмағымен негізгі жаттығулар, сондай-ақ статикалық жаттығуларды айтар едім. Әрине, бәрі жаттықтырушының қарауымен болуы керек. Кейде омыртқа жараларына немесе басқа да бір себептерге байланысты ағзаға қатты күш түсіруге болмайды. Сол себепті фитнеске келер алдында дәрігерге қаралып алған жөн.

- Клиенттер көбіне қандай мақсатпен келеді? Арықтауға ма әлде салмақ жинауға ма?

- Арықтауға да, салмақ өсіруге де:)

- Жаттығу залында жаттықтырушысыз айналысу қаншалықты қауіпті?

- Ең алдымен, өз бетіңмен жаттығу - жарақат алуға әкеледі. Гантельді дұрыс таңдамау, тренажерлерді қолдана білмеу және шектен тыс көп немесе аз жаттығу әсерін бермейді. Әрине, жаттықтырушының саған берген мотивациясы және «соққысы» әрқашан пайдасын әкеледі. Көп адамдар жаттығу залына өздері келіп, білген жаттығуларын жасап жатады. Әрине, бұл – бір жеңіс. Дегенмен жаттықтырушының көмегіне жүгінген жөн. Өйткені әр саланың, мейлі ол бокс, фитнес, теннис болсын өз техникалары бар. Оны меңгеру үшін міндетті түрде жаттықтырушының көмегі керек.

- Неліктен сізді таңдаған жөн? :)

- Салауатты болуыңызға, ең алдымен, армандаған дене мүсініңізді жасауға көмектесемін)

- Али Ахмедов туралы айтып берсеңіз.

- Али Ахмадов - болашағы зор боксшы. Өз елінің патриоты. Мен үшін әлемдік деңгейдегі спортшылармен жалпы физикалық дайындық өткізу үлкен жауапкершілік. Мен Али Ахмедовтың жаттықтырғаныма, оның спортта үлкен жеңістерге жетуіне үлес қосқаныма мақтанамын.

- Фитнес жаттықтырушы болудың ең қиын және ең жағымды жағы қандай?

- Мен өз жұмысымды жақсы көремін, мен үшін еш қиындық жоқ. Ең жағымды нәрсе - еңбекқорлығыңның жемісін көру.

- Қазақстанда фитнес қазіргі уақытта дамып жатыр деп ойлайсыз ба?

- Ия. Залға келгенімде қыздардан жалғыз қыз болатынмын. Қазіргі таңда спортзалға бару сәнге айналды.

- Кейбіреулер залда жұмыс барғанмен нәтиже жоқтығына шағымданады. Себебі неде?

- Режимді, тиімті және дұрыс тамақтануды сақтамау, айналысқан жаттығуының денесіне лайықты келмеуі және, әрине, тұрақтылықтың болмауы. Жалпы, жаттығуды бір күн сайын жасап отырған дұрыс. Себебі, ағза демалуы керек. Бір айдан кейін ғана көбейтуге болады. Арықтағысы келген адамдарға аптасына 5 – 6 рет дайындалса, көбірек жүгіріп, кардио жасаса, нәтижесі жақсы болады. Керісінше, толамын дегендерге аптасына 3 – 4 рет жаттығу жетікілікті.

- Өзіңізге тәттілерді және жалпы зиянды тағамды қаншалықты жейсіз? Сіздің менюіңізде не жоқ?

- Мен қуырылған, майлы, тұздалған, қанты көп тағамдарды жеймеймін. Аптасына бір рет өзімнің сүйікті «дұрыс емес» тағамымды жегендіұнатамын :)

- Күнделікті не жейтініңді айтып бере аласыз ба?

- Таңертең мен өзіме ботқа дайындаламын (күріш, қарақұмық). Менің жұмыртқаның ағын көп тұтынамын. Түскі аста - көбіне тауықтан жасалған тағамдар. Көкөністер мен жемістерді көп жеймін. Кешкі асқа - тағы да қайнатылған жұмыртқа :)

- Егер жаттықтырушы болмасаңыз, онда кім болар едіңіз?

- Бәрібір жаттықтырушы болар едім :)

- Сізде хобби бар ма?

- Спорт - менің әуестігім, менің өмірім және менің барым.

Карина, сұқбат бергеніңізге рақмет! Біздің оқырмандарымызға кеңес бере кетсеңіз?

— Күшті болыңыздар - бұл әрқашан да әдемі!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер