Велоспорт

«Астана» велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде жеңіске жетті

«Астана» велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велошабандозы Омар Фрайле «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Бірінші болып мәрені «Астана» командасының испаниялық шабандозы Омар Фрайле кесіп өтті. «Quick-Step Floors» командасының өкілі француз Жулиан Алафилипп - екінші, «Trek-Segafredo»-ның велошабандозы бельгиялық Яспер Стёйвен үшінші болып келді.

«Тур де Франс». 14-кезең

Сен-Поль-Труа-Шато - Манд. 188 шақырым

1. Омар Фрайле (Испания, «Астана») - 4:41:57

2. Жулиан Алафилипп (Франция, «Quick-Step Floors») - +0:06

3. Яспер Стёйвен (Бельгия, «Trek-Segafredo»).

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» командасының велошабандоздары «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-кезеңіне қара ленталар байлап шықты. Осылайша олар 19 шілде күні Алматы қаласында ұрылардың қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына құрмет білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер