«Астана» - «Мидтьюлланд» кездесуіне румыниялық төрешілер құрамы қазылық етеді

news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» - «Мидтьюлланд» кездесуіне Раду Петреску бастаған румыниялық төрешілер құрамы қазылық етеді.

35 жастағы маман ойынның бас төрешісі ретінде алғаш рет Қазақстанға келмек. Дегенмен, Петреску осыған дейін отандық командалардың қатысумен өткен еурокубоктық кездесулерде қызмет жасаған. 2012 жылы «Ягодина» (Сербия) - «Ордабасы» арасындағы ойында төрелік еткен. Ол кездесуде шымкенттік команда 1:0 есебімен жеңітке жеткен болатын.

Раду «Астана» командасының ойынына алғаш рет төрелік еткенімен, оны елорда командасының қазіргі бас бапкері Роман Григорчук жақсы тануы қажет. Өйткені, украиналық маман әзірбайжандық «Габала» тізгінін алғаш ұстаған жылы, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Чукарики» - «Габала» (1:0) арасындағы ойында дәл осы румыниялық маман төрелік жасаған. Раду ол кездесуде 6 сары қағаз көрсетсе, соның бесеуінде «Габала» ойыншыларын жазалаған.

Петреску осы жылғы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде «Корк Сити» (Ирландия) – «Легия» (Польша) арасындағы ойында қызмет жасап үлгерді. 35 жастағы маман аталмыш кездесуде алаң иелеріне 3 рет сары қағаз көрсеткен.

Астанадағы ойында Петрескуға оның отандастары – Раду Гинкуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Қосалқы төреші – Марцел Бирсан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер