«Жетісу» - «Ақтөбе» 1:2 кездесуінен бейнешолу

«Жетісу» - «Ақтөбе» 1:2 кездесуінен бейнешолу
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан ел чемпионатының 19-турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.

Матч есебін қонақтар ашқан. 29-минутта Жамбыл Көккев асырған пасты Бағдат Қайыров голға айналдырды. Ал екінші таймда «Ақтөбенің» айып алаңындағы қарбаластан соң Рауль Жалилов допты қонақтардың қақпасында тулатты.

Бірақ алаң иелері матч соңына таман тең есептен айырылып қалды. 82-минутта Маркос Пиззелли айып алаңына асырған доп жолай «Жетісу» ойыншысына тиіп, қақпаға еніп кетті. Қорытынды есеп – 1:2. «Ақ-қызылдар» сырт алаңда үш ұпай алды.

19 турдан соң «Ақтөбе» 23 ұпаймен онлайн кестеде бесінші орынға көтерілді. Маусым басында командадан алты ұпай алынған болатын. «Ақтөбеден» бір ұпайы кем «Жетісу» 8-ші сатыға түсті.

«Жетісу» - «Ақтөбе» 1:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Қайыров 29, 1:1 – Жалилов 65, 1:2 – Пиззелли 82

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер