Әлем футболы

«Астананың» қарсыласы өзінің ең қымбат футболшысын сатып жіберді

news-banner7
mobile-news-top

Даниялық «Мидтьюлланд» Чемпиондар лигасында «Астанамен» матч алдында өзінің ең қымбат футболшысын сатып жіберді.

Жартылай қорғаушы Доминик Дрекслер германиялық «Кельн» сапына ауысты. Трансфер құны – 4,5 миллион еуро. Бір қызығы даниялық клуб футболшыны бар болғаны үш апта бұрын ғана 2,5 миллионға сатып алған болатын. Осылайша, «Мидтьюлланд» бір айға жетпес уақытта футболшыдан 2 млн еуро пайда көріп отыр.

Transfermarkt.de порталы футболшыны 2,5 млн еуроға бағалаған. Ол даниялық клубтағы ең қымбат футболшы болған еді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Мидтьюлланд» матчы 24 шілдеде Қазақстанда өтеді. Ойын астаналық уақытпен 20:00-де басталмақ. Қарымта кездесу 1 тамызда Данияда болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер