Қысқы

Теннің өліміне күдіктіні Астанада бір апта бұрын босатып жіберген

Теннің өліміне күдіктіні Астанада бір апта бұрын босатып жіберген
news-banner7
mobile-news-top

Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов осыдан бір бұрын Астана қаласында қолға түсіп, соттан ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылған болып шықты. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Сапар Шәмшиев есімді азамат 11 шілде күні Астанада өзінің көлігінің айнасы ұрланғанын, оқиға орнында Арман Құдайбергеновтің қолға түскенін айтты.

Алайда сот оны ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатып жіберген. 20 шілде күні өтетін сотынан Құдайбергенов қашып кеткен.

«Келесі күні таңертең мен Астанадағы Алматы аудандық учаскелік бөлімшеден өзімнің айналарымды алып кеттім. Сол жерде 7-10 күн ішінде Құдайбергеновке қатысты сот отырысы өтетінін айтты. Мен бөлімше қызметкерлерінен Арман жайлы сұрадым. Олар күдіктінің қылмысын мойындағанын, бұрын сотты болғанын айтты. Ал 13 шілде күні маған анықтаушы хабарласып, нөмерімді Құдайбергеновке беруге рұқсат сұрады. Ал себебін сұрағанымда, оның менімен татуласқысы келетінін естідім. Мен нөмерімді оған беруге үзілді-кесілді қарсы болып, Құдайбергеновтің өз жазасын алғанын қаладым.Осы күнге дейін оның изоляторда отырғанына сенімді болдым», - деді ағынан жарылған Шәмшиев.

Ал 19 шілде күні кешкісін Сапар Шәмшиевтің үйіне қылмыстық істер жөніндегі полиция келіп, Арман Құдайбергенов жөнінде сұраған. Сондай-ақ Денис Теннің өліміне қатысты күдікті деп атаған.

«Мен қатты таңғалдым. Ол қалай? Бұл жігіт изоляторда отыр емес пе? Қылмыс Алматыда болған. Ал бұл жігіт Астанада ғой», - дегенінде, оның ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылғанын естіген.

«Егер оны қолхатпен босатпағанында, ол қашып кетпегенінде сот алдында жауап беретін еді. Мына орны толмас қаза да болмайтын еді», - деді Астана тұрғыны.

Айта кетейік, Денис Тенді Алматының қақ ортасында пышақтап, өлтірген күдіктілер қазір қолға түсті. Олардың екеуі де өз істерін мойындаған. Ал мәнерлеп сырғанаушы бүгін Алматыда жер қойнына тапсырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер