Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Журналиске ашуланған Роналду сұқбатты соңына дейін жеткізбеді

Журналиске ашуланған Роналду сұқбатты соңына дейін жеткізбеді
news-banner7
mobile-news-top

Атақты футболшы Криштиану Роналду 19-20 шілде күндері Қытай елінде сапарда болды. Жақында ғана «Ювентус» жейдесін киген жарық жұлдыз осы сапарында сәл келеңсіз жағдайға тап болды, деп жазады prosports.kz.

Қытайдың белгілі журналисі Гау Шиау Суннің авторлық бағдарламасында сұқбатта болған футболшыға тілшінің сұрағы ұнамай қалған. Анығырақ айтқанда, журналистің «Мансабыңызды аяқтаған соң немен айналысасыз» деген сұрағы португалиялықтың көңілінен шықпаса керек, бағдарламаны дәл осы жерден үзіп, студиядан шығып кеткен.

Аталған бағдарлама тікелей эфир болмағандықтан бұл келеңсіздікті көпшілік білмейтін еді. Алайда, ұйымдастырушылар ұсыныс еткен аудармашы болған жәйітті жалпыға жария еткен.

— Олар баста Криштианумен португал тілінде сұқбаттаспақ болған. Мені сол үшін шақырған. Алайда, Гау Роналдумен ағылшын тілінде сөйлесті де, менің ол жерде еш қажетім болмай қалды.

ç¸å³å¾ç

Ал бағдарламаның орта тұсына келгенде Гау сұрамауға тиісті сұрақпен футболшының шамына тиді. Сол сәтте Роналду көмекшісінен португал тілінде «Мынаны ертерек аяқтауға бола ма?» деп сұрады. Бұған қоса португал тілінде бір ауыз былапыт сөз айтты. Бірақ, ол сөзді Роналду айтты ма, әлде көмекшісі айтты ма аңғармай қалдым.

Менің ойымша, жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген футболшыдан мансабын қашан аяқтайтынын сұраудың қажеті жоқ еді. Бұндай сұрақтың Роналдуға ұнамайтыны сөзсіз. Оның үстіне сұқбат ағылшын тілінде емес Криштианудың ана тілінде болғанда жағдай жеңілірек болар еді, - деп жазды аудармашы әлеуметтік желіде.

Көпшіліктің қызу талқысына түскен осы мәселеге көп кешікпей бағдарлама жүргізушісі Гау Шиау Сун өзі түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Роналдудың командасы бағдарламаға атүсті қарап, сәл менсінбеушілік танытқан көрінеді.

— Сұқбат 11:45-де басталуы керек болатын, алайда, Криштиану студияға 12:55-де келді. Бағдарлама қызметкерлері түскі үзіліске шығатын уақыттың болғанына қарамай жұмысты жалғастырдық. Онымен қоймай, олар құпиялықты сақтау керек деп бағдарлама редакторы мен көмекшіні сыртқа шығарып жіберді.

Cç½æ¥åé«ææ¾éè¿

Баста 45 минутқа жалғасады деп жоспарланған сұқбат бар болғаны 31 минутта аяқталды. Ал мен сұраған сұраққа келсек, Роналду бұл сұраққа Еуропада бірнеше мәрте жауап берген. Өзінің не бизнеспен, не кино түсірумен айналысқысы келетінін жасырмайтын.


Оның үстіне, бағдарлама басталмас бұрын сұрақтар тізімімен футболшының өзі танысқан. Бұл сұраққа еш қарсылық білдірмеген болатын. Жауап бергісі келмейтін сұрақтарын сызып тастағанбыз. Демек, сұқбатты ерте аяқтауға менің осы сөзім ғана әсер етті деп ойламаймын, - деп ақталды журналист.

Ал желі қолданушылары журналист Гауды Роналдудан сұқбат алуға лайық емес деп жазуда. Себебі, Гау бұған дейін Билл Гейтс, Клинтон қатарлы атақты адамдармен сұбаттасқан тәжірибесі болғанымен, кәсіптік спорт журналисі болмағандықтан, футболшыны ұзақ уақыт сөзге тарта алмады деп есептейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер