Басқа

Теннің өліміне қатысты күдіктілердің желідегі өмірі

Теннің өліміне қатысты күдіктілердің желідегі өмірі
news-banner7
mobile-news-top

Полиция қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты екі күдіктіні тұтқындады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылғы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы мен 1994 жылы туған Жамбыл облысында туған Нұралы Қиясов ұсталған болатын.

Полицияның айтуынша, екеуі де бұрын істі болған. «Екеуіде істеген ісін мойнына алды. Арман Құдайбергенов Дениске екі рет пышақ салған. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған»,- делінген Ішкі істер басқармасының мәлімдемесінде.

Айта кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Prosports.kz тілшісі күдіктілердің әлеуметтік желідегі парақшаларын шолып шықты. Назарларыңызға фотоларды ұсынамыз.

Нұралы Қиясовтың ВКонтакте желісіндегі парақшасынан.

Күдікті жігіттің спортқа қызығушылығы бар екенін анық аңғаруға болады.

Парақшасына жүктеген фотоларына қарап Нұралы Қиясовтың мұндай қатігездікке барады деп ойламайсың. Алайда соңғы болып кезікке мына сурет ойландырып тастады.
Денис Тенге екі мәрте пышақ салған Арман Құдайбергенов әлеуметтік желіге көп сурет жүктемеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер