Баскетбол

Австралия мен Филиппиннің баскетбол құрамалары ойын үстінде жаппай төбелесті

Австралия мен Филиппиннің баскетбол құрамалары ойын үстінде жаппай төбелесті
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Филиппин мен Австралия командаларының 13 ойыншысын 2019 жылғы Әлем кубогының іріктеу турнирінде жаппай төбелескені үшін шеттетті.

2 шілдеде Филиппинде өткен кездесу ойын аяқталар тұста үзілді. Австралия ойыншысы Дэниэл Кикерт қарсыласын ұрып, жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Біраз уақыттан кейін ойын жалғасты. Алайда 13 ойыншы шеттелген соң алаңда үш филиппиндік баскетболшы, бес австралиялыққа қарсы ойнады. Бірнеше минуттан соң филлипиндіктерден бір ғана ойыншы қалып, матч аяқталды. Ойын 89:53 есебімен Австралия құрамасының пайдасына шешілді.

FIBA он филиппиндікті шеттеті, ең үлкен жаза Кэлвин Абуэвада (алты ойыннан шеттетілді). Команданың бас бапкері Винсент Рейес бір матчке шеттеліп, 10 мың швейцар франкі көлемінде айыппұл төлейді. Ал оның көмекшісі Джозеф Уйчико үш ойынға шеттетілді.

Елдің баскетбол федерациясына 250 мың франк айыппұл салынды, ал ұлттық команда келесі ойынды көрерменсіз өткізеді. Сонымен қатар, оларға сынақ мерзімі тағайындалды.

Австралияның үш ойыншысы шеттетілді. Ұлттық федерацияға 100 мың франк айыппұл салынды. Ойынға төрелік еткендер бір жыл FIBA қамқорлығымен өтетін ойынға қатыспайды.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер