Пиззели Премьер лигада жеті тур бойы қатарынан гол соғып келеді

news-banner7
mobile-news-top

Армениялық шабуылшы Маркос Пиззелли Премьер лигада жеті тур бойы қатарынан гол соғып келеді, деп жазады prosports.kz.

33 жастағы футболшы ел чемпионатының 12-ші турында «Ертіс» (1:1) қақпасын дәл көздеген болатын. Содан бері «Ақтөбе» шабуылшысы жасыл алаңнан құр қол қайтып көрген жоқ. Әр ойында кем дегенде бір гол соғып жүр.

13-ші турда Алматыда «Қайратқа» (3:2) қарсы кездесуде екі гол, 14-ші турда «Ордабасы» (3:1) қақпасына бір гол соқты. Одан кейін «Тобылға» (2:3) қонаққа барып, хет-трик авторы атанды. Өз алаңында «Шахтер» (2:0) қақпасына тағы екі гол соқты. 17-ші турда «Қызылжарға» (2:1) қонаққа барып, бір гол соқты. Ал әзірге соңғы ойында «Атырау» (5:1) қақпасына тағы екі нәтижелі соққы жасады.

Осылайша, Пиззели соңғы 7 матчта 12 гол соғып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер