Айбар Нұрбеков «Ақжайыққа» қарсы матчқа қатыса алмайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Атырау» командасының жартылай қорғаушысы Айбар Нұрбеков Премьер лиганың 19-шы туры аясында өтетін «Ақжайыққа» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұған себеп, футболшы өткен турда «Ақтөбеге» (5:1) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.
25 жастағы футболшы биыл Премьер лигада 11 ойында алаңға шықты.