Басқа

Геннадий Головкин Денис Теннің жерлеу рәсіміне қатысады

Геннадий Головкин Денис Теннің жерлеу рәсіміне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туысқандарына көңіл айту үшін Қарағандыдан атақты боксшы Геннадий Головкиннің анасы да келді, деп хабарлайды prosports.kz.

NUR.KZ сайтында жазылуынша, Қарағандыдан арнайы келген Елизавета Сергеевна оқыста қайтыс болған спортшының қазасы қабырғасын қайыстырғанын жеткізген.

- Денис нағыз мұз ханзадасы еді. Оны осылай қайтыс болғаны жаныма қатты батты. Мен бұл қазаны аса ауыр қабылдадым, - деген Елизавета Сергеевна.

Сондай-ақ, Геннадий Головкиннің Лос-Анджелестен Денисті жерлеу рәсіміне қатысу үшін келе жатқаны белгілі болды. Ол жаттығуларын уақытша тоқтатқан.

Естеріңізге сала кетейік, спортшымен қоштасу рәсімі бүгін сағат 10.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер