Әлем футболы

Ресми: Алисон Бекер - «Ливерпуль» қақпашысы

Ресми: Алисон Бекер - «Ливерпуль» қақпашысы
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» Бразилия құрамасының футболшысын «Ромадан» 62 жарым миллион еуроға сатып алды.

Ағылшын клубы 10 миллион еуроны кейін төлейді. 25 жастағы қақпашы «Рома» сапында екі маусым ойнап, 64 матчқа қатысты.

Италия командасы Алисонды екі жыл бұрын Бразилияның «Интернасионал» клубынан 8 миллион еуроға алғанды. Бекер Ресейдегі әлем чемпионатында Бразилия құрамасының негізгі қақпашысы болды.

Алисонға дейінгі ең қымбат трансфер Буффонға тиесілі. «Ювентус» 2001 жылы қақпашыны «Пармадан» 52 миллион еуроға сатып алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер