Қысқы

Қазақстандық спортшылар Қытайдағы жарыста аза тұту белгісін тағып шықты

Қазақстандық спортшылар Қытайдағы жарыста аза тұту белгісін тағып шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандықтар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.

«Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасы бүкіл әлем халқын ауыр қайғыға душар етті. Талантты спортшы, аяулы ұл, намысты отандасымыздың қазасына байланысты ел спортшылары өздері қатысып жатқан турнирлерге аза тұту белгісін тағып шықпақ. Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық нояндар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты», - деді ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық спорттық федерациялар өткізетін ресми әрі ресми емес турнирлер бір минуттық үнсіздікпен басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер