Басқа

Джакартадағы Азия ойындарына елімізден 9 киберспортшы қатысады

Джакартадағы Азия ойындарына елімізден 9 киберспортшы қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Индонезия астанасы Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына 9 қазақстандық киберспортшы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл спорт түрі құрлықтық доданың бағдарламасына жыл басында енгізілген болатын.

Қаныш Әбікенов, киберспортшы:

- Бұрынырақта мен тек ойнап қана қоятынмын. Ал қазір белгілі бір командамен мақсатты түрде жаттығамын. Барлық спортшыларға сияқты бізге де қойылатын талаптар бар. Соны сақтаймын. Ал отбасым мені қашан да қолдайды. Азия ойындарына Алматы мен Астанадан бөлек, Ақтау, Шымкент және Оралдың киберспортшылары да барады. Олар іріктеу кезеңінде түркменстандық және өзбекстандық қарсыластарынан басым түскен. «Десек те, аталған спорт түрі елімізде енді ғана дамып келеді» дейді олар.

Шыңғыс Чокушев, киберспортшы:

- Қазақстанда киберспорттың дамуына кедергі келтіріп отырған фактордың бірі – интернет жылдамдығының салыстырмалы түрде төмендігі. Ал жақсы тариф 20 мың теңгенің шамасында, сондықтан барлығына бірдей қолжетімді емес. Киберспортшы – компьтер алдында отырған екінің бірі емес. Оларға да қатаң талап қойылады. Мәселен, ұйқыны келтірмейтін, сананы сергітетін препараттар қолдануға тыйым салынған. Сондай-ақ ойынды меңгеру аздық етеді. Киберспортшы – салауатты өмір салтын ұстанатын, оқуы мен жұмысын қатар алып жүрген үлгілі азамат болуы тиіс. Бұл былтыр құрылған Қазақ киберспорт федерациясының өкілдері келтірген дерек.

Талант Рамазанов, Қазақ киберспорт федерациясының жобалық үйлестірушісі:

- Киберспортшы – киберспорт саласында өте жоғары жетістіктерге жеткен азамат, ол киберспортпен күнделікті белгілі бір жүйе бойынша дайындалатын адам. Ол бостан босқа 2-3 сағат немесе түнімен компьютер алдында отырған адам емес.

Азия ойындары 18 тамызда Индонезия астанасы Джакартада басталады. Ал киберспортшылар жарыс жолына 1 аптадан кейін шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер